Астанада 1000-ға жуық адам тіркелген пәтер анықталды

/image/2024/07/10/crop-13_9_402x715_fff619e5dc63bbfc012249412d189a69.jpeg
Астанада 937 адам тіркелген пәтер анықталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.
"Резеңке" пәтерді елорда прокуратурасы көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексерген кезде анықтаған.
"Жалпы ауданы 35,7 шаршы метр бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелген. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Мемлекеттік айыптаушы – прокурор тұрғын үй-жайды беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған пәтер иесінің кінәсін дәлелдеді", - деді ведомство.
 
Сот үкімімен "резеңке" пәтердің иесі Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-тармағы ("Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру") бойынша сотталды. Үкім заңды күшіне енді.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар