Алматыда метро салу үшін жер телімдері мәжбүрлеп алынады

/image/2024/07/12/crop-13_8_255x453_i.webp

Алматыда метро салу және көлік торабы құрылысы үшін жер телімдері мәжбүрлеп алынады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 маусымдағы "Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы" қаулысында жазылған. 

"Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Қалқаман стансасынан "Барлық" базарына дейінгі метрополитеннің бірінші желісінің үшінші кезегін салу үшін орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды басталады" – делінген қаулы мәтінінде.

Жер телімдерін иеліктен шығару процесі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Жер телімдерінің иелеріне заңда белгіленген тәртіппен өтемақы төленеді.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар