2023 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 190 кәсіпорыны 11,2 мың жұмыскерге 2,9 млрд теңгеден астам сомада жалақы төлемегені белгілі болды. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
"Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорын басшыларына орындауға міндетті 182 ұйғарым берілді және 26,7 млн теңгеден астам айыппұл салынды", – деп хабарлады министрлік.
Сонымен қатар, компанияларда 5,6 мыңға жуық еңбек құқығы бұзылғаны анықталды.
Пікір қалдыру