Дерматология ғылыми орталығы басшысы мен орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

/image/2024/07/22/crop-4_2_163x289_110341905900.jpg

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

"Олар медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді. Соттың санкциясымен орталық басшысы қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Антикор тергеу жалғасып жатқанын хабарлады. Құзырлы орган мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар