Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет айналдырған бір жыл ішінде жоғары білім алып шыққан 1 243 адамды анықтады. Бұл туралы 2023 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы Ұлттық баяндамада мәлімдеді.
2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарына жоғары білім туралы дипломдарды өз бетінше дайындау және беру құқығы берілді. Соның салдарынан сыбайлас жемқорлық орын алуы мүмкін. 19 ЖОО-да жүргізілген бақылау нәтижесінде ҰББД-да саналатын, бірақ жоғары оқу орындарының құжаттары мен дерекқорларында жоқ 2 733 адам анықталды. Антикор бұл көрсеткіш жалған дипломдарды заңдастырумен байланысты болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
"Жүргізілген зерттеу нәтижесінде оқу орындарына сұрау салу жолымен 1 143 жалған диплом анықталды. Оқу мекемелері мұндай диплом бергенін растамады. Сонымен қатар, оқу орындарының қызметінде ресми/бейресми білім беру нәтижелерін тану және өз қалауы бойынша оқу мерзімдерін қысқарту бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Осылайша, 1 жыл ішінде (2-5 жыл орнына) жоғары білім алған 1 243 түлек анықталды"- делінген ресми мәлімдемеде.
Сондай-ақ, философия докторлары (PhD) және бейіні бойынша докторлар (PD) дипломдарын беру рәсімдерінде де заңбұзушылықтар анықталды.
Пікір қалдыру