Астана әкімдігі елордалық жоғары оқу орындарына мыңға жуық білім грантын бөлді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Астана әкімдігінің білім беру гранты еліміздегі 8 жоғарғы оқу орнына бөлінді:
- "Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КЕАҚ;
- "Астана халықаралық университеті" ЖШС;
- "А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты" ЖБМ;
- "Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы" ЖШС;
- "Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ;
- "А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті";
- "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" КЕАҚ;
- "Астана Медицина университеті" КЕАҚ.
Құжаттар 2024 жылдың 5 тамызынан 10 тамызына дейін қабылданады.
Пікір қалдыру