Қазақстан электр энергиясын Еуропаға экспорттауы мүмкін. Бұл туралы Ақорда арнайы жобасына берген сұхбатында Әзербайжандағы Қазақстанның елшісі айтты. Тараптар талқылауды бастап кеткен. Қазір екі ел арасындағы алыс-беріс жарты миллиард доллардан асқан. Оны көбейтуге Транскаспий халықаралық көлік дәлізі үлкен септігін тигізіп отыр.
Әлім Байел, Қазақстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі:
- Биыл Қазақстан мұнайын Әзербайжан аумағы арқылы Батысқа қарай тасымалдау басталды. Бұл да стратегиялық маңызды жоба. Басқа да ірі жобалар талқыланып жатыр. Әзербайжан арқылы Қазақстанның электр энергиясын Еуропаға қарай экспорттау сияқты. Бұл енді әзірге идея. Бірақ талқылана бастады, - дейді.
Пікір қалдыру