Арқалық қаласының прокуратурасымен талдау барысында жергілікті тұрғын қала аумағында бірнеше рет ақбөкен етін заңсыз сатқаны анықталды.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, оның барысында ақбөкеннің 5 ұшасының еті тәркіленді, мемлекетке келтірілген залал 21 млн теңгеден асты, делінген хабарламада.
Сот азаматты экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындап, автокөлігін тәркіледі.
Үкім заңды күшіне енді.
Пікір қалдыру