Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевтің Paramount компаниясының сатылымына қандай қатысы бар?

/image/2024/08/22/crop-63_40_1021x1815_photo_520.jpeg

Америкалық бизнесмен Эдгар Бронфман Paramount пен Skydance компаниялары арасында  жасалған бірігу туралы келісімнің күшін жойып, компанияны өз бақылауына алу үшін 5,5 миллиард доллар ұсынған. Оны басқа да беделді кәсіпкерлер қолдап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Олардың арасында Нұрәлі Әлиев, BC Partners Credit жеке инвестициялық тобы, продюсер Стивен Пол мен криптокәсіпкер Брок Пирс те бар. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады.

Шілденің басында Paramount Global мен Skydance Media компаниялары бірігетіні туралы ақпарат тараған. Бронфман Paramount компаниясын бірігу туралы келісімшарттан бас тартқызу үшін барын салған. Бастапқыда 4,3 млрд доллар ұсынып, сома Әлиев, Пол, Пирстардың қолдауынан кейін ұлғайтылған.

Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, Дариға Назарбаеваның ұлы. Ол Forbes.kz нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай бизнесмендер тізімінде 41-орында. Оның байлығы 220 млн долларға бағаланады. Назарбаевтың жиені "Транстелеком", Capital Holding және Darmen Holding компанияларының негізгі акцияларына ие. Сондай-ақ оның Дубайда Donatello Hotels and Resorts, Алматыда Donatello бутик-қонақ үйі және Алматы мен Астанада бірнеше мейрамханасы бар.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар