Осы негіздер бойынша ағымдағы жылы аталған бұзушылықтар үшін ӘҚБтК-тің 320-бабымен 64 құрылыс нысаны бойынша 51 құрылыс салушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
12 құрылыс салушыға қатысты қылмыстық істертергелуде.
Астана қаласының прокуратурасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесі тәсілдердің бірімен ұйымдастырылатынын еске салады:
Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының (Қазақстан тұрғын үй компаниясы) кепілдігін алу; екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу; ғимараттың қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту. Азаматтардың қаражатын басқа тәсілдермен тартуға тыйым салынады (алдын ала брондау шарты, брондау, инвестициялау, талап ету құқығын басқаға беру).
Пікір қалдыру