Депутат зейнет жасына жеткендерге жәрдемақыны тоқтатпай бере беруді ұсынды

/image/2024/10/18/crop-0_94_450x800_052157000400.jpg
 

Депутат Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жолдаған сауалында осындай ұсыныс жасады.

Қазақстанда әлеуметтік әлсіз топтар жылдан жылға көбейіп жатыр. Қараусыз қалған қарттар, асыраушысынан айырылған көп балалы отбасылар, әлде кімнің жауапсыздығынан жалғыз қалған жалғыз басты аналар, тағысын тағы тізбектей беруге болады. Бірақ солардың ішіндегі ең қорғансызы деп тәні де, жаны да жаралы – мүгедектігі бар жандарды айтуға болады. Мүгедектігі бар жандар зейнет жасына келгенде не зейнетақы, не жәрдемақыны таңдауға мәжбүр, - дейді депутат.

Оның сөзінше, жұмыспен қамтылмаған адамнан зейнетақы қорына еш қаржы түспесе, зейнетақысы да аз болады.

Еңбек өтілі 1998 жылдан бастап жұмыс істеген мүгедек азаматтарға, зейнетке шыққанда тек зейнет ақы қорында жиналған қаражат қана бөлініп беріледі. Ол дегеніміз, қорға қаражат аудармайтын мүгедек жан ештеңесіз қалады деген сөз. Ия сіздер “мүгедек өздігінен ерікті түрде қаражат аудару керек” деп айтасыздар, бірақ 95 мың теңге жәрдемақы алатын мүгедек несін аударады? Демек бұл мүгедек зейнетақысыз қалады деген сөз. Сонда қалай? Сіздердің ойларыңызша, зейнетке шыққан мүгедек қартайған шағында құлан таза сауығып кете ме? – деп сұрады ол.

Депутат Таңсәуле Серіков атап өткендей, ІІІ топ санаттағы мүгедек адамның өзі не қолы, не аяғы жоқ адам.

Бүгінде І топ 95 496 теңге, ІІ топ 79 435 теңге, ІІІ топтағы мүгедектер 69 886 теңге жәрдемақы алады екен. Сол себепті әлеуметтік кодекске өзгертулер енгізу арқылы осы жәрдемақымен зейнетақыны қоса беру керек. Ондай болмаған жағдайда еңбекке қабілетті мүгедектерді жұмыспен қамту қажет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы мамыр айындағы №326 қаулысы бойынша Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспары 2025 жылға дейін бекітілген. Сонда мүгедектігі бар жандардың жағдайын 2025 жылға дейін жақсартқан түріміз осы ма? Неге бізде мүгедектігі бар адамдардың мәселесін айтқанда ол баяу іске асады? – деді ол.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар