Lada.kz басылымының мәліметінше, №31 жаңа мектеп салынып жатқан кезде ата-аналарға қазақ және орыс тіліндегі аралас мектеп болатынын айтып уәде берген.
Бұл мектеп пен Білім басқармасының ресми парақшасында расталған. Кейін 6 қаңтарда жаңа мектепте тек қазақ тілді сыныптар болатыны анықталды.
Қалалық Білім басқармасына келген 200-ге жуық мектеп оқушысының ата-аналарына комиссияның шешімімен орыс тілді сыныптар ашылмайтыны туралы айтылған.
Білім бөлімі бұл жағдайды кадрлардың жеткіліксіздігі мен мектептегі орын санының аздығымен байланыстырған. Оқу орны 900 оқушыға арналған болса, мемлекеттік тілде білім алғысы келетін балалардан 1500 өтініш келіп түскен.
Сондай-ақ 17 шағын ауданның тұрғындарына Білім бөлімінде 13 шағын аудандағы №17 мектепте және 27 шағын аудандағы №16 мектепте оқу ұсынылды.
Ата-аналар №17 мектепте де орын жоқ дейді. Онда 900 оқушының орнына 2000 бала оқиды. Сабақтар үш ауысымда өтеді. Шағын аудан тұрғындары мәселені соңына дейін жеткізіп, сотта өз құқықтарын қорғауға дайын.
Пікір қалдыру