Қазақстан футбол лигасының жаңа президенті сайланды

/uploads/thumbnail/20250108141545213_big.webp

Ерлан Жамантаев Қазақстан футбол лигасының (QFL) президенті болып сайланды.

Аталған шешім Лига мүшелерінің сырттай отырысында қабылданды. Дауыс берушілердің көпшілігі 50 жастағы Ерлан Жамантаевтың кандидатурасын мақұлдады. Ерлан Жамантаев бұрын кәсіби футболмен айналысып, "Ұшқын-Искра" атты жекеменшік клубтың жетекшісі, бас бапкері болды. Түрлі жылдары жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасын тізгіндеп, Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаментін басқарды. Жамантаев 2021-2023 жылдары "Ақтөбе" футбол клубының басқарма төрағасы қызметін атқарып, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. Осыған дейін 2024 жылы Бірінші лиганың бес дүркін жеңімпазы атанған "Оқжетпес" ФК директоры болды. Сондай-ақ, ол "Жеке футбол мектептері мен академияларының республикалық лигасы" қауымдастығының бас хатшысы міндетін атқарады. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар