Жетісу облысындағы сарбаз өлімі: Құрлық әскерлері қолбасшылығы жағдайға пікір білдірді

/uploads/thumbnail/20250117124912948_big.webp

Еліміздің құрлық әскерлерінің қолбасшылығы Жетісу облысындағы әскери бөлімде қаза тапқан жас сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді. 

Ведомство 14 Қаңтарда Сарыөзек гарнизонында жауынгерлік даярлық бойынша далалық оқу-жаттығу сабақтары барысында мерзімді қызметтегі қатардағы әскери қызметкердің қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзу нәтижесінде өлімге әкелетін жарақатын алғанын растады.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Себептері мен жағдайлары анықталуда. Тергеу шаралары жүргізілуде. Оқиға орнында Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы бастаған арнайы комиссия жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Қызметте бұл сарбазға оң баға берілген. Бөлім қолбасшылығында оған қатысты арыз-шағым болмағаны атап өтілді. Қызметтік міндеттерін де толық орындаған.

"Ата-анасының орны толмас қайғысын түсінеміз. Әр командир үшін де әскери қызметкердің қазасы қайғылы жағдай. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", – деп толықтырды қолбасшы.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар