Алматы мәйітханасындағы жантүршігерлік оқиға: күзетшіге қатысты үкім шықты

/uploads/thumbnail/20250117135208724_big.webp

Алматыдағы мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адамдардың денелерін қорлады деп айыпталған іс бойынша сот шешімі шықты.

Ер адам бірнеше рет қайтыс болған адамдардың денелеріне қол жүгіртіп, интим жерлерін ұстағаны үшін айыпталған. Сонымен қатар, ол бұл әрекеттерді видеоға түсіргені анықталды.

Сот талқылауы барысында ер адамның ақыл-есі дұрыс емес екені белгілі болды. Осыған байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-бабына сәйкес Б.-ны ҚР ҚК-ның 314-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ("Қайтыс болған адамдардың денелерін және олардың жерленген орындарын қорлау") бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босату және қылмыстық істі тоқтату. ҚР ҚК-ның 91-бабы 1-бөлігі 1-тармағына, 93-бабы 1-бөлігі 3-тармағына сәйкес айыпталушыға арнайы психиатриялық стационар жағдайында мәжбүрлі емдеу түріндегі медициналық мәжбүрлеу шараларын қолдану тағайындау", – делінген судья шешімінде.

2024 жылғы сәуірде Алматыдағы мәйітханада некрофилия дерегі белгілі болды. Мәйітхананың күзетшісі ұсталды. Кейін жаңа мәліметтер анықталды: некрофилияға күдікті қызметкер ресми түрде жұмысқа алынбаған екен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар