Қазақстандағы қылмыс көп жасалатын қала анықталды

/uploads/thumbnail/20250120114916457_big.webp

Қылмыс деңгейі Маңғыстау облысында 12,2% (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5% (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6% (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6% (2871 – 3003), Ұлытау облысында 2,8% (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6% (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7% (5084-тен 5120-ға) дейін өскен. 

Бас прокуратураның мәліметінше, ең көп қылмыс Алматы – 24 965 (18,8%) және Астана қалаларында – 17 339 (13,1%), Алматы – 10 385 (7,8%) және Қарағанды – 7 562 (5,7%) облыстарында жасалған.

“Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан 34% алаяқтық (45 156), 23% – ұрлық (30 593), 6,3% – есірткі қылмысы (8 363), 1,2% – тонау (1 551), 1,2% – бұзақылық (1 615), 0,8 % –  мал ұрлығы (1 051), 0,4 % – адам өлтіру (566), 0,3% - зорлау (421), басқа құқық бұзушылықтар 32,7% (43 462). Онша ауыр емес қылмыстар – 7,6% (21 826-дан 20 178-ге), ауырлығы орташа қылмыстар – 16,8% (58 874-тен 48 992-ге) және ауыр – 2,2%-ға (37 548-ден 36736-ға) төмендегені байқалады”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар ұрлық – 28,3% (42 639-дан 30 593-ке), оның ішінде ұялы телефон ұрлығы – 30,9% (10 530-дан 7 273-ке), пәтер ұрлығы – 33,5% (3 566-дан 237-ге), көлік ұрлығы – 42,2% (258-ден 149) айтарлықтай төмендеді. Атап айтқанда, мал ұрлығы да 30,9% (1520-дан 1 051-ге) азайды.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар