Аспаны ашық Алматы қайда кетті?

/uploads/thumbnail/20250412232443214_big.webp

Алматы – еліміздің ірі мегаполисі, алайда мұнда ауаның ластануы күрделі экологиялық мәселе болып отыр. Қала таулармен қоршалғандықтан, қыста түтін мен зиянды бөлшектер тұрып қалады. Ауаның нашар сапасына көліктердің көбеюі, өндіріс орындары, көмір жағу және құрылыс шаңы себеп болады. Бұл әсіресе балалар, қарттар мен тыныс алу жүйесінде мәселесі бар адамдарға кері әсерін тигізуде.

Зерттеу нәтижесі бойынша:

Тұрғындардың 41%-ы – бас ауруы мен шаршауға, 35%-ы – тыныс алу қиындығына, 34%-ы – аллергияға шағымданған.

66%-ы ауа ластануы балалар үшін қауіпті, 45%-ы ересектерге зиян деп есептейді.

Ауа сапасын жақсарту жолдары:

1.Электр көліктерін дамыту

2.Қоғамдық көлікті жетілдіру

3.Жасыл белдеулер мен ағаш отырғызу

4.Ауа сапасын бақылау жүйесін күшейту

5.Энергия тиімділігін арттыру

6.Кептелісті азайту, веложолдарды дамыту

7.Қалдықтарды тиімді басқару

Эколог Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, Алматының ауасын тазарту үшін алдымен көлік мәселесін шешу керек. Қаладағы ластанудың негізгі көзі — автокөліктер деп санайды. Сондықтан көліктерді бақылауға алып, жанармайдан газға, одан кейін электромобильдерге көшу маңызды. Егер автобус, метро, троллейбус ыңғайлы әрі қолжетімді болса, халық жеке көліктен бас тартып, экологияға оң әсер ететінін айтты. Қаланың шетінде тұратын тұрғындарға да қоғамдық көлікпен қатынау жеңілдесе, бұл мәселені шешуге қосымша серпін беретіндігін айтты.

Алматылық тұрғындар да ауаның ластануына алаңдаулы. Мәселен, қала тұрғыны Айгүл Сайлаубай:

“Қыста терезе ашу мүмкін емес. Түтін мен иіс үйге кіріп, балалар жиі ауырады. Қоғамдық көлікпен қатынау қиын болғандықтан, көлікпен жүргіземін. Бірақ экология үшін алаңдаймыз,”

— дейді. Тұрғындар қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру мен жасыл аймақтарды көбейтуді сұрайды.

Тілшілер:Замира Мырзатаева Асель Сайлаубекова

 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар