Қандас мәртебесін беру тәртібі қайта қаралады

/uploads/thumbnail/20250512160246451_big.webp

2025 жылғы 25 сәуірде ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов «Қандас мәртебесін беру тетігін өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» № 68 өкімге қол қойды.

Өкімге сәйкес, қандас мәртебесін беру тәртібіне заңнамалық өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы 2025 жылғы 30 мамырға дейін қандас мәртебесін беру рәсімін қайта қарау бойынша заңнамалық түзетулерді әзірлеп, оларды ҚР Үкіметі Аппаратына енгізуі тиіс.

Өкімнің орындалуын бақылау және жұмыс тобының қызметін үйлестіру ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаевқа жүктелді.

Жұмыс тобының құрамына кіргендер:

  • ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (топ басшысы);

  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (топ басшысының орынбасары);

  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы (топ хатшысы);

  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

  • ҚР Әділет вице-министрі;

  • ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі;

  • ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі;

  • ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі;

  • ҚР Оқу-ағарту вице-министрі;

  • ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары;

  • ҚР Ұлттық экономика вице-министрі;

  • ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;

  • ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары;

  • ҚР Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі;

  • Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдерінің орынбасарлары.

Анықтама ретінде:
2025 жылғы 24 сәуірдегі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, биыл 3 200-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.

Сондай-ақ, министрліктің бұйрығымен 2025 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 9 653 адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 170 адамға артық.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар