Лайк баспағандарды жазалаған басшы қызметінен кетті

/uploads/thumbnail/20250513113643814_big.webp

Марат Спатаев Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы басшысы қызметінен кетті

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы болған Марат Спатаев қызметінен босатылды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Өз жазбасында ол орталықтағы басшылық қызметін ресми түрде аяқтағанын айтып, әріптестеріне, басшылыққа және серіктестеріне алғыс білдірді.

– Бұл мен үшін өмірімнің маңызды, жауапты әрі ерекше кезеңдерінің бірі болды. Осы уақыт ішінде бірге жұмыс істеген барлық әріптестеріме, сенім білдірген басшылыққа және қолдау көрсеткен серіктестерге зор алғысымды білдіремін. Жастармен жұмыс істеу – менің жүрек қалауым әрі өмірлік ұстанымым, – деп жазды ол.

Марат Спатаев сонымен қатар жастар саясаты саласындағы ізденісін әрі қарай жалғастыратынын айтты.

– Алдағы уақытта да шырайлы Шымқаламыздың гүлденуіне бірге атсалысамыз деген үміттемін. Экс-әріптестеріме айтарым – өз басым ешқашан “Я начальник – ты дурак” дейтін кеңестік көзқараста болған жоқпын. Өмір өткінші, ал шынайы сыйластық – мәңгілік. Жастардың болашағына аз да болса үлес қосу – үлкен мәртебе, – деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Марат Спатаев әлеуметтік желідегі жазбаға "лайк" баспаған қызметкерлерін жазалағаны туралы ақпарат тараған болатын.

Қатысты Мақалалар