Мерзімінен бұрын Парламент сайлауы өте ме?

/uploads/thumbnail/20250626145924265_big.webp

Сенат кулуарында бұл сұраққа Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жауап берді.

— Бұл тақырып жиі көтеріліп жатыр деп айта алмаймын. Мүмкін, кейбіреулер мұндай ақпаратты таратып жатқан болар. Біз көптеген заң жобаларын қарап, күн тәртібіне сай тұрақты жұмыс жүргізіп келеміз. Сондықтан мерзімінен бұрын сайлау өтеді деуге ешқандай негіз жоқ, — деді ол.

Сенат төрағасының айтуынша, қазіргі таңда Парламент, соның ішінде Сенат, заңнамалық жоспарға сәйкес тұрақты түрде жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен кейбір Telegram-арналарда күзде кезектен тыс сайлау өтеді деген бейресми ақпарат тараған болатын.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар