"Жүгірумен айналысады, кітап оқиды": Марат Жыланбаевтың түрмедегі фотосы жарияланды

/uploads/thumbnail/20250729211545000_big.webp

Әлеуметі+тік желіде Марат Жыланбаевтың түрмедегі фотосы жарияланды. Фотоны Адам құқықтары бойынша уәкілдің жанындағы үйлестіру кеңесінің хатшысы Раиса Шер өзінің фейсбук желісіндегі парақшасында жариялаған. 

Раиса Шер өз жазбасында Степногорск қаласындағы Марат Жыланбаев жазасын өтеп жатқан түзеу мекемесіне арғанын жазған.

"Кездесу кезінде оның денсаулығына қатысты ақпарат тарап жатқанын айттым. Ол 45 келіге дейін арықтап кеткен деген ақпаратты айтқанымда таңғалды. Марат Жыланбаев мұндай жалған ақпаратты кім және не себепті таратып жатқанын білмейтінін жеткізді. Оның қазіргі жағдайы жақсы. Денсаулығына байланысты ешқандай шағымы жоқ. Сондай-ақ ол тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Әсіресе өзінің сүйікті спорт түрі жүгірумен айналысады, кітапханада кітап оқиды", деп жазған Раиса Шер өзінің жазбасында. 

61 жастағы Марат Жыланбаев – Гиннестің рекордтар кітабына енген жеті рекордтың иегері атанған ультрамарафоншы ретінде көпке танылған. Ол тіркелмеген оппозициялық "Алға, Қазақстан!" партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ жетекшісі болған. 2023 жылдың көктемінде белсенді қамауға алынып, оның ісін жабық қараған Астана соты сол жылы қарашада Марат Жыланбаевты "экстремистік ұйым ісіне араласты" және "экстремизмді қаржыландырды" деген айып бойынша жеті жылға бостандығынан айырған.

Қатысты Мақалалар