Түркия Сыртқы істер министрі: «Ресей басып ала алмаған жерді сұрап отыр»

/uploads/thumbnail/20251005133235767_big.webp

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан TRT Haber арнасына сұхбат беріп, Украина мен Ресей арасындағы соғыс туралы пікір білдірді. 

 

Хакан Фидан екі тараптың да өзіндік ұстанымдары соғысты тоқтатуға кедергі болып отырғанын, әрбірі де өзінің күшіне сенетінін айтты. Сондай-ақ, Фидан Ресейдің Донецк облысының бір бөлігін басып ала алмай, Украинадан оны соғыссыз беруін талап етіп отырғанын жеткізді.

 

«Менің ойымша, алдағы бірнеше айда компромисс жобасы көрінуі керек. Мен америкалық және еуропалық әріптестеріммен бірнеше мүмкін жобаларды сөйлестім. Мағынас жоқ әрі өте шығынды соғысты тезірек тоқтату керек», - деді ол.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар