Трамп: «Әйтпесе қантөгіс болады...»

/uploads/thumbnail/20251006095931586_big.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде Газа секторындағы соғысты тоқтатып, тұтқындарды босату туралы өткен демалыс күндері ХАМАС және бірқатар әлем елдерімен позитивті келіссөздер өткенін хабарлады.

 

Трамптың айтуынша, келіссөздің техникалық тобы бүгін Мысырда тағы да жиналып, соңғы детальдарды нақтылайды. Сондай-ақ, келіссөздердің алғашқы сатысы осы аптада аяқталатынын айтқан АҚШ президенті барлық қатысушыларды жедел әрекет етуге шақырды.

 

«Мен ғасырлар бойы созылып келе жатқан конфликтіні бақылап отырмын. Уақыт аса маңызды – әйтпесе ешкім көргісі келмейтін қантөгіс болады», - деп жазды ол.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар