Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20251023112712920_big.webp

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам қаза тапты, деп  хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі. 

23 қазанда Самара – Шымкент автожолында, Белқопа ауылының маңында болған. DAF жүк көлігі мен «ГАЗель» жолаушылар көлігі соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен «ГАЗель» автокөлігінің 10 жолаушысы қаза тапты, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Қатысты Мақалалар