Ержан Қазыхан АҚШ-пен келіссөздер жүргізу жөніндегі Қазақстан Президентінің өкілі болып тағайындалды

/uploads/thumbnail/20260113170235491_big.webp тілкеспекжоқ

Президенттің тиісті өкімімен Ержан Хозеұлы Қазыханға Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесінде мемлекет басшысының өкілі болу міндеті жүктелді.

Еске салсақ, 2025 жылдың қыркүйегінде Ержан Қазыхан Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалған еді.

Оған дейін ол Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған. Бұл қызметтен ол БҰҰ жанындағы тұрақты өкіл лауазымына тағайындалуына байланысты кеткен.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар