AMANAT партиясы Құрылтай сайлауына қатысудан ресми түрде бас тартты

    Әсел Болатқызы
    AMANAT партиясы Құрылтай сайлауына қатысудан ресми түрде бас тартты Фото:


     AMANAT ОСК-ға ресми өтініш жолдады – партия Құрылтай сайлауына қатыспайды
     
    AMANAT Құрылтай сайлауына қатыспайды – партия ОСК-ға ресми хат жолдады
     
    Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды.

    ОСК-де алдағы Құрылтай сайлауына қатысты мәселелер бойынша отырыс өтті. Онда Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова сөйлеп, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың нәтижесінде саяси партиялар туралы заңнаманың кезең-кезеңімен жетілдірілгенін және көппартиялылықтың одан әрі дамуына жол ашылғанын айтты. Оның сөзінше, 2022 жылы партияларды тіркеу шегі 5 мың мүшеге дейін төмендетіліп, партия құру талаптары айтарлықтай жеңілдетілген.

    «Соңғы жылдардағы тәжірибе жүргізілген заңнамалық реформалардың тиімділігін растап отыр. Тіркеу шегі төмендетілгеннен кейін 3 жаңа саяси партия тіркелді. Бұл азаматтардың бірлесу жөніндегі конституциялық құқығын іске асыру мүмкіндіктерінің кеңейгенін көрсетеді», – деді ол.

    Сондай-ақ вице-министр қазіргі уақытта Қазақстанда сегіз саяси партия тіркелгенін атап өтті. Соның бірі – AMANAT партиясы.

    «Саяси партиялардың съездерінде AMANAT партиясының «Әділет» партиясына қосылуы туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта қажетті ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар жүргізілуде», – деді Жақселекова.

    Оның баяндамасын қорытындылаған ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясына AMANAT партиясынан партияның алдағы Құрылтай сайлауына қатыспайтыны туралы ресми хат келіп түскенін хабарлады.

    Қатысты тегтер :

    Қатысты Мақалалар