«Қамзолды» арақ қазақ намысқойлығының бағасын берді

/uploads/thumbnail/20170708210337573_small.jpg

Кешелі бері әлеуметтік желілерде «Камзол киген араққа» ел ішіндегі және Қытайдағы намысы бар ағайын лағнат айтып, реніш білдіруде. Тіпті кейбіреулер Мемлекеттік құзырлы мекемелер бұл іске араласу керек дейді. Ал, «әл-Фараби», «Түркістан» деген спирттік ішімдіктерге шектеу қоймағандардің бұған бүйрегі бүлік етеме? Меніңше осы оюулы камзол кигізгендерге алғыс айту керек секілдіміз. Неге дейсіз ғой? Бұның бәрі біздің салғырттығымыздан және Исраил Сапарбай ағамыз айтқандай:

Төріңді жатқа жайлатып,

Төсекте жатып аунайсың.

Аузыңмен орақ орасың

Артыңмен оны баулайсың, – дегендей болып тұр.

Біріншіден, осы оюулы камзол қазақтікі еді деп патенттеп немесе иелеп алғандар барма? Жоқ. Камзол емес оның жиегіне салынған оюлардың бірнешеуін ғана біз халықаралық деңгейде тіркеуден өткізгенбіз. Сол себепті иесіз оюларды кім көрінген пайдаланып жүр. Мысалға, Қытай мен Корея тарихи сериялдарының көбінде олардың билеушілері кимін өрнектеп алған. Ертең сот болса олар бұл киім Қырғызда да, Моңғолда да бар, мүмкін бізді сенбесең сериял қара дейтін шығар.

Екіншіден, осы өндіріс ошағы орналасқан ауданда Қазақ ең жиі қоныстанған, «Сыра көшесі» деген көше атауы бар, Алайда, Қазақты сол өлкеге қоныстандырған билермен батырларға, осы қалашықтың ірге тасын қалаған ел ағаларына және Алаштың орданың арғы беттегі иесі Мақсұт пен жыршысы Таңжарыққа бір көшенің аты берілмеген. Бұні өзіміздің салғырттықтан көрмей басқаның саясатынан көреміз бе?

Үшіншіден, осы мекен бүгінгі алашытың арғы тегі сақтардың мекені болған бір кезде, оған табылған шошақ бөрікті сақтың мүсіні, олардың қабірлері басқада тарихи жадыгерлер куә. Сол сақтардың құрмет пен намыстың жоғары белгісі ата-бабасының қабыры болған. Ал бір кезде жол салуды сылтауратып ата-бабасының қабырын тұтастай қазып, көшіргенде бұл халықтың бүгінгі «Камзолды араққа» қылған намысы қайда қалған.

Төртіншіден, нарықтық экономиканың заңы «сұраныс бар жерде тапсырыс бар», және өндіріс ошақтарының басты көздейтіні аларманның талабы мен талғамы, саны басым тұтынушыларының ерекшеліктері, дұрысын айтқанда сол спирттік ішімдікті көп тұтынатын «батыс өңір» болып тұр деген сөз. Және әлемдік тәжірбеде компаниялар өз өнімінің саудасын күсет қылу үшін орналасқан жерінің құндылқтарын пайдаланумен бірге жергілікті әйгілі марка жаратып жарнамалайды. Яғни арақтың аты «Сорбұлақ» қазақша атау болған соң олар оның «құмырасын» да қазақшаластырған болуы мүмкін.

Сонымен, не де болса, біздің ұлттың мұрасы қорлауға ұшырағанда қарсылық білдіре алатындығымызға, әлі де болса намысымыз бар екендігіне, сол мұраларымызды бүгін түгендемесек, заманға сай заңды иесі атанбасақ айырылып қалатындығымызға көзімізді жеткізген «Камзолшыларға, Алғыс!».

Халықымызда «Өзіңе-өзің мықты бол, Көршіңді ұры тұтпа» деген өнегелі сөз бар. Өзімізге мықты болайық ағайын !

Әлібек Ыдырыс

Қатысты Мақалалар