Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Жемісті ауылдық округі аумағында жеміс-жүзім көшеттерін өсіретін шаруашылықтың қазіргі жұмыстары туралы айтқалы отырмыз. Кеңестік дәуірден-ақ бұл ауыл жеміс-жүзім өнімдерін өндірумен айналысқан. Онымен қоса сол кездің өзінде жеміс-жүзім көшеттерін бүкіл Кеңес Одағына жіберіп отырған. 1987 жылы «Тоболино» (Дербісек а/о) селолық кеңесіне қарасты Плодоягодное және Целина бөлімшелері өз алдына бөлініп шығып «Плодоягодное» селолық кеңесі құрылған. 1994 жылдан бастап «Плодоягодное» селолық кеңесі Жемісті ауылдық округі болып қайта құрылып, құрамына Жемісті және Тың елді мекендері кірген. Бүгінгі таңда ауыл округінде 730 отбасы, 7 ұлт өкілдері, 4320 тұрғын бар. Жемісті ауылдық округі аграрлық аумаққа жататындықтан агроқұрлымдар мен шаруа қожалықтарының, жеке тұрғындардың негізгі кәсібі жеміс-жүзім өнімдерін өндіру мен көшеттерін өсірумен айналысады. Округ аумағында ауыл шаруашылығы саласында «Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының» (ҚазҒЗИ) Сарыағаш филиалы, «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС, «Бес арыс-Ынтымақ» ЖШС, «Сарыағаш көшет» ЖШС, «Нео Питомник» ЖШС-і мен 56 жеке шаруа қожалықтары жұмыс атқарады.
Бүгінгі таңда жалпы ауылдық округі бойынша 155,0 га жерге жеміс, 40,0 га жерге жүзім, 215,0 га жерде жеміс-жүзім питомнигі және 5,5 га жерді жылыжай алқаптары алып жатыр.
Бүгінгі күнде округ бойынша жеміс көшеттерінің 12 түрі, сүйекті жеміс көшеттерінің 11 түрі, жүзімнің 7 түрі өсірілуде. Италия елінен алынып келінген Голден делишес, Ред делишес, Гала және Гринн смид алма көшеттері де өсіріледі. Соңғы уақытта округ бойынша жыл сайын 1 млн. ға жуық жүзім, 750 мыңнан асатын жеміс, 75 мыңдай декоративті ағаш көшеттері өндіріліп, өндірілген өнім жақын шет елдер мен еліміздің оңтүстік аумақтарына таратылуда. Жалпы ауданымызда өндіріліп жатқан жеміс-жүзім көшеттерінің 80-85 пайызы осы аумақта өсірілуде.
Сарыағаш ауданында мақтанышы тек бұл жеміс пен жүзімдер ғана емес. Мұнда биылғы жылы 77 мың 460 гектар жерге егіс егіліп, шаруалар барлығы 350 мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін жинаған. Атап айтқанда, Сарыағашта 232 134 тонна көкөніс, 37 077,6 тонна бақша өнімдері және 79 800 тонна картоп өнімдері алынған. Қазіргі уақытта бұл өнімдер ішкі, сыртқы нарыққа шығарылды. Аталмыш өнімдердің 20 пайызы жергілікті xалық пен облысымыздың басқа аудандарына жіберілсе, қалған 80 пайыз өнім еліміздің солтүстік, шығыс, батыс өңірлеріне, сондай-ақ, көршілес Ресейге экспорттқа жіберілуде.
Оставить комментарий