2-сынып оқушысына азғындық әрекет жасаған педофилге қатысты үкім шықты

/uploads/thumbnail/20170710014101064_small.jpg

Қарағанды облысының Қылмыстық Істер жөніндегі арнайы соты Теміртау қаласының тұрғынын 18 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады «Қамшы» ақпараттық агенттігі.

Today.kz жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, азамат 2-сынып оқушысына сексуалдық қысым көрсеткені үшін айыпты деп танылды.

«Сот қаулы шығарды: Денис Клименконы ҚР 121 Қылмыстық кодексінің 4-бабы бойынша айыпты деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айырып, қатаң тәртіптегі колонияға тоғыту  жазасы қолданылады», деп үкім шығарды сот төрешісі Қайрат Касимов.

Қылмыскер өз кінәсін мойындап, өкінгенін айтады.

Қосымша жаза ретінде сот қылмыскерге педагогикалық қызмет түрлерінен алыстатылуын қадағалайтын болады.

Еске сала кетейік, Теміртау қаласының мектептерінің бірінде педофил оқушыны үйіне дейін аңдып келген. Ата-анасының үйінде жоқ екенін білгендіктен артынан еріп кіріп, өз міндетін атқаруға тырысқан. Қыз бала жан даусымен айқайға салып, жартылай жалаңаш күйінде аулаға жүгіріп шығады.

Бірер сағаттан соң полицей қызметкерлері күдіктіні қолға түсіреді. 38 жастағы жергілікті тұрғын бұрын да сотталғаны анықталды. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи