Оңтүстік Корея халқы ҚХДР-мен қақтығысты бейбіт жолмен шешуді талап етті

/uploads/thumbnail/20170816090457646_small.jpg

Оңтүстік Кореяның 10 мыңға жуық тұрғыны шеруге шықты. Жиылған жұрт жергілікті биліктен Пхеньян мен Вашингтон арасындағы ахуалды бейбіт жолмен реттеуді талап етті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме беріп. Оңтүстік Корея президенті көрші елмен дипломатиялық қарым-қатынасын нығайтып, Корей түбегіндегі соғысты болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын жеткізді. Еске салсақ, шілдеде Солтүстік Корея 2 рет баллистикалық зымыранды сынақтан өткізген болатын. Мемлекет басшысы Ким Чен Ын бұл АҚШ-қа ескерту ретінде жасалған әрекет екенін айтты.

Ал Дональд Трамп ресми Пхеньянның қоқан-лоққысына жауап қайтаруға әзір екенін жеткізген болатын. Осыдан кейін бірден Солтүстік Корея әскерилері АҚШ-қа қарасты Гуам аралын баллистикалық зымыранмен атқылауға дайын екенін айтып, сес көрсеткен. Өйткені мұнда америкалықтардың әскери базалары орналасқан.


Оставить комментарий

Связанные Статьи