Жанболат Мамайдың ісіне қатысты сот үкім шығарды

/uploads/thumbnail/20170904142450488_small.jpg

Бүгін 7 қыркүйекте Алматы қаласы Медеу аудандық 2-сотында «Трибуна. Саяси қалам» газетінің бас редакторының міндетін атқарушы Жанболат Мамайдың ісіне қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Судья үкімінде Қылмыстық кодекстің 193-бабының 3-тармағы бойынша Жанболат Мамайды 3 жылға бас бостандығынан шектеліп, 3 жыл журналистік қызметпен айналысу құқығынан айырылғанын айтқан. Ал Сот Мамайдың ақпан айынан бері 7 ай қамауда отырғанын ескеріп, оны 2 жыл 5 ай, 5 күнге бас бостандығынан шектеді және 3 жыл журналистік қызметпен айналысу құқығынан айырылды, әрі дүние-мүлкі тәркіленеді.

Азаттықтың хабарлауынша, 6 қыркүйек күні жалғасқан сот отырысы Жанболат Мамайдың соңғы сөзімен басталып, сонымен аяқталған.

Журналист соңғы сөзінде өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтты. Оның сөзінше, «Трибуна. Саяси қалам» газеті ешкімнің тапсырысын орындаумен шұғылданбаған, тәуелсіз болған».

– Газетте не жазу керектігі туралы ешкім нұсқау бере алған жоқ. Редакция саясатын осы газеттің қызметкерлері мен авторлары ғана анықтады. 2012 жылдан бастап қолға алған жобаны ұйымдастыруға Төлеген Жүкеев көмектесті. Жақсылық Жарымбетов ақшалай көмектескені де рас. Бірақ одан алған көмегім заңға қайшы емес болатын. Жарымбетов азаматтық қоғамды дамыту үшін көмектескісі келді. Мен қазірдің өзінде Жақсылық Жарымбетовке ренжімеймін, – деді Жанболат Мамай.

Мамайдың соңғы сөзін айтып болған соң судья үкім қыркүйектің 7-сі күні жарияланатынын хабарлап, сот отырысын аяқтаған.

Айта кетейік, "Трибуна. Саяси қалам" газетінің бас редакторы Жанболат Мамай 10 ақпанда оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов ұрлаған ақшаны заңдастырды деген айыппен тұтқындалған болатын. 2009 жылдан бері Еуропада жүрген, биыл маусым айында Алматы соты тарапынан «банктен ақша жымқырды, қылмыстық топ құрды және оны басқарды» деген айыптармен сырттай 20 жылға сотталған Мұхтар Әблязов та бұл айыптауды «абсурд» деп атап, Мамаймен ешқашан кездеспегенін мәлімдеген.

Ақпан айынан бері әр күні үміт пен күдікке толы өткен Жанболат Мамайға қатысты жүргізілген сот ісіне қатысты ақпаратты Qamshy.kz ақпарат агенттігі жариялаған.

Связанные Статьи