Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы «Достық» шекара бекеті ресми түрде ашылды. Алдағы күндері екі елдің азаматтары бір-біріне еркін қатынай алады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Сондай-ақ қос мемлекеттің басшылары ортақ шекарадағы даулы аймақтың 85 пайызында келісімге келді. Ол Өзбекстан президентінің Қырғызстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары барысында жүзеге асты. Келіссөз барысында шекара дауынан бөлек шиеленіскен су мәселесі де шешімін тапты. Оған қоса қос тарап Қырғызстан арқылы Өзбекстанның Әндіжан қаласынан Қытайға дейін күре жол салуға уағдаласқан.