"Өзі кінәлі". KADEX-тегі қайғылы жағдайға байланысты министр пікір білдірді

/uploads/thumbnail/20180527163317381_small.jpg

KADEX-тегі қайғылы оқиға туралы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Мәжіліс үзілісінде айтты.

Министрдің сөзінше, көрме ауласында басына стенд құлап қайтыс болған ер адамға байланысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

«Ол күн келушілерге арналмаған еді. Арнайы мамандар ғана жүрді, олар павильонның ішінде болды. Ер адам қайғылы оқиға болған күні орталық қақпа арқылы кірмеген, өту пунктіне тіркелмеген. Не себепті және қай есік арқылы кіргені белгісіз. Өзіміз де жауабын білмейміз», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Тергеу органдары ер адамның аулаға қалай өткенін анықтап жатыр.

«Бұл – күрделі сұрақ, мен әзірге айта алмайтын мәселелер бар. Сәйкес келмейтін құжаттармен сонда болғанына ол азаматтың өзі кінәлі. Адамның басынан түрлі жағдайлар өтеді», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Айта кетейік, 24 мамырда KADEХ-2018 халықаралық көрмесінде ақпараттық стенд құлаған кезде жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды. Министрліктің мәліметінше, зардап шеккен азаматқа көрмеде кезекшілікте болған жедел жәрдем бригадасы дер кезінде медициналық көмек берген. 

Кейін зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Ауруханаға апара жатқанда есін білетін, жағдайы бір қалыпты болды. Алайда медициналық мекемеде хәлі күрт нашарлап, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Связанные Статьи