"Қираған мазарға" қатысты жалған ақпарат таратқан әйел істі болды

/uploads/thumbnail/20180601105902212_small.jpg

Арқалық полициясы мазардың талқандалғаны жайында жалған ақпарат таратқан 33 жастағы тұрғынға қатысты іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД хабарлады.

30 мамырда WhatsApp-та «мазарларды шетелдіктер қазып тастапты» деген ақпарат таралған. Полицейлер ақпарат таратқан адам 33 жастағы Арқалықтың тұрғыны екенін анықтады.

«Желіде таралған жалған ақпаратқа байланысты 33 жастағы әйелге қатысты ҚР ҚК 274-бабы, 2-бөлімі, 3-пунктіндегі «Телекоммуникация желілерін пайдаланып, жалған ақпараттарды тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бап санкциясы бес мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі немесе екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді», - делінген ІІД баспасөз хабарламасында.

Бұған қоса, полиция тұрғындарды дәлелденбеген ақпараттарды таратпауға шақырды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын мектеп оқушылары Арқалықтағы мазардың күл-талқанын шығарғаны жайлы хабарланған. Оқиға 25 мамырда Ашутасты ауылында болған. Полиция Арқалықтың 2007 жылғы екі оқушысын анықтап, олар кінәларын мойындаған.

Связанные Статьи