«Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында суды заңсыз пайдаланған алаяқтардың әрекеттері жайлы айтылды. Бұл жайында InAlmaty жазады.
Бақылаушылар ай бойы арнайы тексеру жүргізген. Нәтижесінде 562 заң бұзуышылықты анықтаған.
— Мамырда 102 өз бетінше кесу мен заңсыз қию тіркелген. 109 кәсіпкерлік нысан тұрғындарға арналған баға бойынша суға және канализацияға ақша төлеп келген. Заң бұзушылықтардың тізіміне метрлерге орнатылған мөрлердің бұзылуы, санауыштармен заңсыз айла-шарғы жасау, суару алаңдарын жасыру, халықтың тұрғылықты жерлерінде тұратын адамдардың мәліметтері нақты деректермен сәйкес келмеуі кіреді, - делінген хабарламада.
«Алматы Судың» айтуынша, кранның кесілуі басқа абоненттердегі судың сапасына әсер етеді.
Ескерте кететін жайт, тексерулер күн сайын жүргізіліп отырады. Тексеру жұмыстарына жүзге тарта қызметкер жұмылдырылған.
— Барлық анықталған бұзушылықтар үшін мемлекеттік қызметтерді заңсыз пайдалану және шарттық қатынастарды сақтамау үшін қосымша ақы алынады. Тиімді шаралардың бірі — орталық құбырдан толық ажырату. Бұл заңсыз және келісімшарттық қатынастарды бұзушы ғана емес, сондай-ақ судың ақысын төлеейтіндерге де қатер төндіреді, - делінген хабарламада.