Ғалымдар адам денесінде тағы бір ми барын анықтады

/uploads/thumbnail/20180602130323677_small.jpg

«Адам ағзасында «екінші ми» орналасқан», - дейді австралиялық ғалымдар. Тіпті ғалымдар «ішек бөлігінде орналасқан мидың» қызметін де анықтап үлгеріпті.

Ғалымдардың дерегіне сүйенсек, энтеральды (ішекті) жүйке жүйесі асқазан-ішек жұмысын реттеп тұратын миллиондаған нейрондардан тұрады. Бұл сыртта орналасқан жүйе, ми мен арқа мидан дербес жұмыс істейді.

«Бұл, шын мәнісінде, өз-өзіне ми», - деді Флиндерс университетінің профессоры Ник Спенсер. Оның айтуынша, энтеральды жүйке жүйесін «алғашқы ми» деп атауға болады, себебі ол эволюция барысында орталық жүйке жүйесінен бұрын дамыған.

Қатысты Мақалалар