Сенат төрағасы Қ.К.Тоқаевтың сұхбатына байланысты сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед пікір білдірді

/uploads/thumbnail/20171214121150602_small.jpg

Сенат төрағасы Қ.К.Тоқаевтың сұхбатына байланысты сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед өз пікірін білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

– Қасым-Жомарт Кемелұлы өте байыпты, байсалды саясаткер. Меніңше ол сұхбатты батыс қоғамдық пікірінің тамырын басу үшін айтқан сияқты. Тіпті өз ішіміздегі кейбір үміткерлерді «сынау» мақсатында жасалуы да әбден мүмкін. Өйткені Тоқаевтың жауаптары басынан аяғына дейін Елбасы саясатын қолдауға негізделген. Махатхир Мохамадтың жасына қатысты сілтеменің өзінде көп ишара бар екенін байқамау мүмкін емес. Сондықтан әрдайым бізді сынап-мінеуге дайын тұратын шетелдік ақпараттың қатқыл форматындағы бір сұхбат төңірегінде соншама дау-дамай туғызудың еш қажеті жоқ, – деп түйіндейді өз пікірін сенатор мырза.

Айта кететін болсақ, Сенат төрағасы Тоқаев BBC телеарнасына берген сұхбатында қазіргі президент Назарбаевтың Қазақстанда 2020 жылы болуы тиіс президенттік сайлауға түспеуі мүмкін екені туралы айтқан. Осыдан кейін бірқатар саясаткерлер Тоқаев сөзіне қатысты пікір білдірген болатын. Атап айтқанда Ақпарат және Коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Назарбаев келесі сайлауға қатысса Қазақстан одан тек ұтатын болады» деген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи