Алматыда Көкжайлау шатқалының 10 га жері Іле-Алатауы табиғи паркіне қайтарылады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Көкжайлау» тау курортын дамытуға арналған жиында айтты.
Жиын барысында «Almaty Mountain Resorts» ЖШС директоры Наиль Нуровтың айтуынша, курорт жобасы алғашқы нұсқасымен салыстырғанда екі есе оңтайландырылған.
Құрылыс алаңы 300-ден 30 мың шаршы метрге дейін қысқарған. Ал шаңғы трассалары 77-ден 18 пайызға дейін азайыпты. Бұдан бөлек қонақ үйлердің сыйымдылығы 6,5 мың орыннан 250-ге азайды. Жалпы 1002 га жерден 100 га аумақ босатылған.
Өз кезегінде әкім Көкжайлау жерін Іле Алатауы паркіне қайтарулы тапсырды әрі процестің шұғыл орындалуын талап етті.
2015 жылдың күзінде Алматы әкімдігі «Көкжайлау» демалыс орталығының құрылысын тоқтату туралы хабарлаған. 2016 жылдың басында жобаның бұғатталғаны жайлы ресми мәлімдеме шықты. Кейін аталған жоба қоғамдық талқылауға салынды.
Оставить комментарий