Түрік ұшағы апатты жағдайда Атырауға қонды

/uploads/thumbnail/20180312085812366_small.jpg

Новосібірден Анталияға бет алған «Пегасус» түрік әуе компаниясының Боинг-737 ұшағы апатты жағдайда Атырау әуежайына қонды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің хабарлауынша, түрік ұшағының қозғалтқышы істен шыққан.

— Бүгін сағат 10:03-те Новосібір-Анталия бағытындағы «Пегасус» түрік әуе компаниясының Боинг-737 әуе кемесінің қозғалтқышы істен шықты деген хабар келіп түсті. Экипаж Атырау қаласына апатты жағдайда қону туралы шешім қабылдаған. 10:20-да ұшақ жерге қонды. Бортта 190 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болған, - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Связанные Статьи