Жанар Байбек Астана қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Президентінің 2018 жылдың 9 қазанындағы № 768 қаулысында жазылған.
«Астана қалалық сотының төрағалығына Жанар Кенжеғарақызы Байбек тағайындалсын. Астана қаласының Есіл аудандық сотынының төрағалығынан босатылсын», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қалалық сотының төрағасы боп Ербол Рахымбеков тағайындалған еді. Ал, Жанар Байбек Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің жұбайы. Алматы қаласы әкімінің қазіргі таңда 2 қызы мен 3 ұлы бар.