Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ертең өтетін Almaty Investment Forum 2019 қарсаңында ірі халықаралық қаржы және инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесті.
"Qatar Invest компаниясының кеңесшісі және Dome Group Financial Advisors, Түркияның экс-вице-премьері М. Шимшекпен біздің қаламыздың жаңа экономикасын қалыптастыру мәселелерін талқыладық.
CrimsonLogic компаниясының вице-президенті Йонг Ви Танмен Алматы үшін пайдасы бар Сингапур компанияларының мүмкіндіктері туралы сөз қозғадық.
Катар сауда-өнеркәсіп палатасының бірінші вице-президенті Мохаммед Бин Тауар Аль-Кавари басқаратын өкілетті делегациямен екіжақты іскерлік қатынасты кеңейту мәселелерін талқыладық. Ертең ынтымақтастық туралы, соның ішінде Алматы компанияларымен біріккен жобаларды жүзеге асыру бойынша меморандумдарға қол қойылады, деп жазды әкім instagram-дағы парақшасында.
Оставить комментарий