Б. Сағынтаев алматылықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

/image/2020/04/25/crop-98_5_582x776_3d3c36dea1d62baa9309fccf8f9cc590_xl.jpg

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Тwitter парақшасында жазды.

– Қаланың барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Бұл – ораза тұтып, намазға жығылып, рухани тазарып, жетілетін уақыт. Биыл індетке байланысты барлық салт-дәстүрлерімізді, ауызашарды үйде отбасымен өткізуге шақырамын. Баршаңызға амандық тіледім, – деді қала басшысы.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи