Коронавирус: Алматыда екі пациент емханадан шығарылды

/image/2020/04/25/crop-131_13_707x942_5e7119f5488ea153712273.jpeg

Алматы қаласында коронавирус індетінен екі пациент қажетті ем шараларын алып, ауруханадан шығарылды. 

Олар 1972 жылы туған әйел кісі мен 30 жастағы ер адам. Екеуі де вирус жұқтырған адаммен байланыста болған. Ер адам 4 сәуірден бастап, әйел кісі 14 сәуірден бастап инфекциялық стационарда емделген. 

Науқастардың жағдайы орташа. Әйел кісіде екі жақты пневмония диагнозы болды. Бүгінгі күні олар хаттамаға сәйкес емдеу курсынан өтіп, өзін жақсы сезінуде. Енді олар үй карантинінде болады.

​Қазіргі уақытта Алматыда 8 жаңа жағдай тіркелген. Олардың барлығы вирус жұқтырған адаммен байланыстағы оқшауланған адамдар.

Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында коронавирустық инфекциядан 667 пациент ем қабылдауда.

1 адамның жағдайы – өте ауыр, 21-інде – ауырлау, 199-ында ауырлықтың орташа дәрежесінде, қалғандарында – қанағаттанарлық.

Провизор орталықтарда 458 адам, карантиндік оқшаулауда – 523 адам бар.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи