Алматыда 15 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп шықты

/image/2020/06/01/crop-15_9_581x774_0eq9c5w2ofz8i5p4ph5b_wln6p5gv1wznhdg2evbj.jpg

Алматыда коронавирустық инфекцияның 1140 жағдайы тіркелді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше жаңадан 114 науқас тіркелсе, бүгін 89 жағдай анықталды.

Олардың 16-сы провизорлық стационарда инфекция жұқтырғандармен байланыста болған, 4-уі Мәскеу – Ақтөбе – Алматы рейсімен ұшып келген. Олар қонған бойы стационарда карантинде болған, ал қалғандарының індет жұқтырғаны тестілеу нәтижесінде анықталды.

Бұлармен байланыста болған барлық адамдар табылды және олар провизорлық госпитальдарға карантинге орналастырылды.

Инфекциялық стационарларда 1015 адам емделуде, оның ішінде 39-ы бала.

Екі адамның жай-күйі – өте ауыр, 27 адамда – ауыр, 208 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық.

Провизорлық госпитальдарда 395 адам, карантиндік оқшаулауда 366, ал үй карантинінде 11 846 адам бар.

Өткен тәуліктерде Алматыда 15 науқас коронавирустық инфекциядан сауығып, емдеуден шығарылды.

Оның ішінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың 10 медицина қызметкері, төртеуі Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері және бір әйел вирусы бұрын анықталған науқаспен байланыста болған 1964 жылғы науқас.

1964 жылы туылған бұл науқас 2 сәуірден бастап емдеуде болған.

Қалған науқастарды емдеу орта есеппен 16-18 күнге созылды.

10 адамда жағдай ауырлықтық орташа дәрежесі, жеті адамның екі жақты полисегментті пневмониясы бар, қалған науқастарда аурудың жеңіл ағымы болған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи