Қамшы порталына Алматыдағы Саялы-2 ықшамауданының тұрғындары өртеніп жатқан жердің балконнан түсірілген суретін жіберді. Сөздерінше, Алатау ауданындағы индустриялды аймақта Сайн көшесінің бойына жақын жер өртеніп жатыр.
Әзірге нақты не өртеніп жатқаны, жалынның неден тұтанғаны белгісіз.
Өрт ошағына жақын жерде жылыжайлар, түрлі зауыт және жедел жәрдем қызметінің бекеті орналасқан.
Оставить комментарий