Қазақстанда екі университет лицензиясынан айырылды

/image/2021/07/09/crop-6_174_517x690_0uc99da9c0-5ed79e30-463b06a2.jpg-700x700-crop.jpg

Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласының екі жоғары оқу орны бас лицензиясынан айырылғанын мәлімдеді. Олар "Орда" (бұрынғы "Silkway Халықаралық университет") мен "Мирас" университеті.

"2020 жылы "Орда" және "Мирас" университеттерін тексеру барысында білім беру саласындағы заңнаманы өрескел бұзушылықтар анықталды. Екі жоғары оқу орнының қызметі тоқтатылып, оларға анықталған бұзушылықтарды жоюға уақыт берілді. Алайда жоғары оқу орындары қателіктермен жұмыс жүргізбей, 8 ай комитеттің лицензияны тоқтата тұру туралы шешіміне шағымданумен айналысты. Бірақ соңында сот комитеттің шешімін күшінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Ал университеттің көптеген шағымдары қанағаттандырылмады" делінген хабарламада.

Мамыр айында қайта тексеру қорытындысы бойынша қателіктермен жұмыс жүргізілмегені анықталған.

– Ең басты мәселе кадрларды даярлау сапасында болды. Мысалы, "Орда" университетінде оқитындардың 97%-ы шекті балдан өте алмады және оқу процесінде алынған білім мен құзыреттердің жеткілікті деңгейін растай алмады. Екі ЖОО-да кестеге сәйкес жаппай сабақ өткізбеу фактілері анықталды. Ағымдағы бағалар қойылмаған, бекітілген кестеге сәйкес емтихандар өткізілмеген, пәндер толық көлемде оқытылмаған.

Тиісті 5 кредиттің орнына тек 3 кредит игерілді. Барлық пән оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілмеген. Оқытушылардың бекітілген педагогикалық жүктемесі мен оның нақты орындалуы арасында үлкен айырмашылықтар бар, яғни оқытушыда жүктемеде белгілі бір пән бойынша дәріс оқу жоспарлануы мүмкін, ал іс жүзінде ол оны оқымайды, – деп атап өтті БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бақылау басқармасының басшысы Эльвира Сапарбекова.

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи