Қазақстанда коронавирус инфекциясы бар тағы екі науқас анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Диас Ахметшарип хабарлады.
"Шұғыл ақпарат, дәл қазір белгілі болғандай, Алматы қаласында тағы бір адам коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Ол – 1958 жылғы ер азамат, жеке кәсіпкер. Ол Мәскеуден 10 наурыз ұшып келген. Қазіргі кезде ол азамат стационарда карантинде жатыр", - деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы әйелден коронавирус анықталған. Ол Варшавадан ұшып келген.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны алтау болды. Бұған дейін үш алматылықтан, бір астаналықтан коронавирус анықталған болатын.
Пікір қалдыру