Коронавирус жұқтырған жолаушымен бірге Германиядан келген қазақстандық Instagram желісіне жазба жариялады. Ол қазір карантинде жатқанын айтты.
"Сонымен достар, ешкім алда не болатынын білмейді. Біздің рейсте коронавирус жұқтырған жолаушы болған. Маған бүгін таңертең хабарласып, ауруханаға жатуға дайындалу керектігін айтты. Мен заттарымды жинап, күтіп отырдым. Жедел жәрдем дене қызуымды өлшеп, жұқпалы аурулар ауруханасына алып кетті. Күйеуім екеумізді екі бөлек палатаға жатқызды. Әр палатада 6 адам жатқызылған. 20:00-де кешкі тамақ алып келген, бірақ оны ешкім жемеді. Біз бұл жерде қанша уақыт жататынымыз белгісіз. Қазір әрқайсымызға дәрігерлер дене қызуым өлшейтін құрал мен қағаз ғана берді. Әр үш сағат сайын дене қызуымызды өлшеп, қағазға жазып отыруымыз керек. Дәрігерлер алдағы уақытта не болытынын, не істеу керектігін түсіндірсе жақсы болар еді. Әзірге тексерістен ғана өттік. Дәрігерлер өте мейрімді және бізге жақсы қарап жатыр. Өкінішке қарай, олар ештеңе білмейді. Достар, өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіздер! Карантин деген жақсы нәрсе емес. Алдағы барлық саяхаттарыңызды кейінге қалдырыңыздар! Жақын адамдарыңыздың жанында болыңыздар", - деп жазды Айда Ким есімді блогер.
Пікір қалдыру