• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:06:40
Алматы
+35°

Еуроодақ басшыларының айтуынша, коронавируспен күресудің "екінші кезеңі" болады, онда қоғам маска тағып "вируспен бірге өмір сүруді" үйренеді, деп жазады thesun.co.uk.

Австрияның канцлері Себастьян Курц коронавирустық шектеу шараларын аяқтау күндеріне байланысты жоспарын айтқан Еуропаның алғашқы басшысы болды. 

Оның айтуынша, шағын дүкендер 14 сәуірден бастап қайта ашылады, егер бәрі жақсы болса, үлкен дүкендер мен сауда орталықтарын 1 мамырда ашуға болады.

Австриядан кейін көп ұзамай Дания 15 сәуірден бастап біртіндеп шектеулерді ала бастайтынын мәлімдеді. Елдегі Covid-19 саны тұрақты болған жағдайда балабақшалар мен бастауыш мектептер қайтадан ашылуы мүмкін .

Рейтер агенттігі хабарлаған үкіметтік құжатқа сәйкес, Германия шектеуді алуды кезең-кезеңмен іске асыруды жоспарлап отыр.

Жоспарға міндетті түрде маска тағу, инфекция жұқтырған адамдарды және олармен байланыста болған адамдарды карантинге алу кіреді.

Бұл жоспар дүкендер мен кейбір мектептердің ашылуына мүмкіндік беруі ықтимал, бірақ әлеуметтік оқшаулану жалғасады және ірі шаралар мен жеке жиналыстарға тыйым салынады.

Инфекция деңгейі 17 наурыздан бастап төмендеуіне байланысты Италия да коронавирус шектеуін азайта бастады. Италияда шектеу шаралары 13 сәуірде аяқталады, бірақ Италияның коронавируспен "бірге өмір сүрудің" келесі кезеңіне қашан және қалай кіретіні сарапшылардың техникалық тобы шешеді.

Бұған дейін мүлде тоқтаған бизнестер қайта жұмыс бастауы мүмкін.

Ал, Испания Пасха мерекесінен кейін кейбір экономикалық шектеулерді алып тастауға болатынын айтқан.

Бірақ дүкендер, барлар мен мейрамханалар жабық күйде қалады, сондықтан шектеу шаралары 26 сәуірдегі белгіленген мерзімнен кейін де жалғасуы мүмкін.

Дания 11 наурыздан бастап карантинде, бірақ Пасха мерекесінен кейін жаңа жағдайлардың туындауы болмаса, шараларды алып тастауды жоспарлап отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір