Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қамауға алынды

/image/2020/08/02/crop-13_6_436x774_photo_70235.jpeg

Экс-денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев бюджет ақшасын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы қаржы мониторингі комитеті хабарлады.

"ҚР қаржы минтистрлігі қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметкерлері денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті ұстағанын растайды. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке алынған. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етілмейді" делінген комитет таратқан ақпараттық хабарламада.

Бұған дейін бейсенбіде Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған.

Ұзамай YEDILOV ONLINE телеграм каналында "Олжас Әбішев ұсталды" делінген видео тараған.

Шенеунік министрлікте цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты болған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар